«Жас сарбаз» сыныптары  арасындағы облыстық «Алау»әскери-спорттық жарысы

«Жас сарбаз» сыныптары  арасындағы облыстық «Алау»әскери-спорттық жарысы

2023 жылдың 2-3 қараша аралығында   «Жас сарбаз» сыныптарының  арасында облыстық «Алау» әскери- спорттық жарыс  Семей қаласында өткізілді. Оқушыларымыздың Отанның лайықты қорғаушысы болу үшін, жоғары саяси, моральдық-жауынгерлік және психологиялық қасиеттерге ие болу керек, қару-жарақты жетік білу, әртүрлі  жағдайында әрекет ете білу, физикалық тұрғыдан дамыған және шыңдалған болу керек. Әскери-спорттық ойындар әскери-патриоттық тәрбие жүйесінде үлкен рөл атқарады. Әскери-спорттық ойындардың тәрбиелік рөлі жастардың оларға үлкен қызығушылықпен қарауының, оларды ынтамен ойнауының арқасында артады. Әскери-патриоттық тәрбиедегі ойындардың рөлі, ең алдымен, бұл ойындар жастардың жоғары моральдық сезімдерін, моральдық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді. Ойындар барысында ерік-жігер тәрбиеленеді және қатаяды, тәртіпті, табандылықты, төзімділікті тәрбиелеу үшін қолайлы жағдайлар жасалады.Осындай  мақсатпен  өткізілген облыстық  «Алау»әскери-спорттық жарыста ауданымыздың  намысын «№ 6 жалпы  білім  беретін орта  мектеп жанындағы  интернатпен» КММ–ң командасы қорғады. Жетекшісі А.Ахметжанов оқушыларды жарысқа  жақсы  дайындап,тамаша  жетістікке жетті.
№ 6 орта  мектебі оқушылары: Ерғали Расул,Гусманов Дастан,Озыкенов Бексұлтан,Ануарбеков Мағжан,Ермухамбет Жігер,Аблахатов Алибек,Балтабеков Нұрали,Мейрханова Балым,Аманғазы Жаннұр
  Ауданымыздың  намысын қорғап,биіктерден  көріне  білді.Жаттығуларды шебелікпен орындап,әскерилендірілген эстафетадан 1 орын, "Тарихи өлкетану ғылыми зерттеу жобасынан 2 орын,белтемірде  тартылудан 3 орын, АК-74 оқу автоматын шашып,жинаудан 3 орын,саптық жаттығудан 3 орын  және  жалпыесептік көрсеткіш бойынша жүлделі  ІІ  орын  иеленді.
Жас  сарбаздарымызды жақсы  жетістіктерімен  құттықтаймыз!