
"Облыстық инновациялық әдістемелік орталығы"КММ-ң ұйымдастыруымен Абай облысында алғашқы рет облыстық "Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі" байқауы өткізілді. Облысымыздың әр өңірінен келген 12 дене шынықтыру пәні мұғалімдері қатысты.
Байқаудың мақсаты - дене шынықтыру мұғалімдерінің шығармашылық бастамаларын қолдау, шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтарды анықтау және оларды ынталандыру, педагогикалық шеберлігін шыңдау, педагогикалық идеялармен, шығармашылық нәтижелермен алмасу және шығармашылықпен жұмыс жасайтын, білімді, талантты, ой өрісі биік, жаңашыл идеясы бар,жан – жақты дамыған мұғалімді анықтау.
Үздіктердің үздігін анықтау мақсатында ұйымдастырылған байқаудың ашылу салтанатында "Облыстық инновациялық әдістемелік орталығы"КММ-ң директорының м/а А.Исабаева қатысып, сайыс қатысушыларына сәттілік тіледі.Ауданымыздың намысын "Қалалық қазақ мектеп гимназиясы"КММ-ң дене шынықтыру пәні мұғалімі Ш.Каджиакпарова қорғады.Байқау үш кезеңнен тұрды. «Заманауй ұстаз» атты І кезеңде қатысушылар өздерін таныстырып, өздерінің кәсіби тәжірибесімен бөлісті. Бұл кезеңде олардың материалды таныстыра алулары, үміткердің жетістіктерінің болуы, шығармашылық тәсілдемелері және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану деңгейі бағаланды.
Ал «Менің сабағым» атты ІІ кезеңде оқытушылар сабақтың негізгі кезеңдері көрсетіле отыра өткізілген сабақ бойынша дайын бейнероликтерін ұсынды. Екінші кезеңде қазылар алқасы ұстаздардың педагогикалық технологияларды қолдануларын, сабақтағы студенттердің іс-әрекетін, педагогтың тәрбие жұмысын, педагогтың сөйлеу мәдениетін, әзірленген сабақ жоспарының деңгейін басты назарға алды.
ІІІ кезең «Сабақтан тыс іс-шара» бұл кезеңде
Спорттық үйірме, сабақтан тыс ұйымдастырлған іс-шаралар көрсетілді.
Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені Ш.Каджиакпарова иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды! Құттықтаймыз!