Облыстық байқау

Облыстық байқау

"Абай облысы білім басқармасы" ММ "Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы" КММ 2023 жылдың 10 қазан күні "Үздік авторлық бағдарлама" республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты - пәндер бойынша таңдау курстарын, арнайы курстар, элективті курстар, оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын әзірлейтін үздік педагогтердің озық авторық тәжірибесін анықтау және тарату болып табылады.Облыстық кезеңге 53 ұстаз қатысып өз бақтарын сынады.
Ауданымыздың намысын қорғап барған  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі педагог-шебер Узбекова Айнаш Сапаровна, тарих пәнінің мұғалімі Молдашева Ләззат Тұрсыновна жүлделі 1-орынды иеленді. Республикаға өткен әріптестерімізді құттықтаймыз!