Цифрлық қызметтер орталығы Семейдегі мекен-жайын өзгертті

Цифрлық қызметтер орталығы Семейдегі мекен-жайын өзгертті

2023 жылдың 11 қыркүйегінен бастап Ұранхаев көшесі, 57 мекен-жайында орналасқан цифрлық қызметтер орталығы Б. Момышұлы, 22 мекен-жайындағы №2 ХҚКО-ға көшті. 
Естеріңізге сала кетейік, цифрлық қызметтер орталығы дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. 
Сондай-ақ, Семей қаласының тұрғындары «ХҚКО» мобильдік қосымшасы арқылы, бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі бойынша, eGov.kz порталы, egovkzbot2.0 жеделхат боты немесе eGov mobile қосымшалары арқылы алдын ала тапсырыс бере алады.