ШҚО ТЖД Аягөз ауданының төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді !!!

ШҚО ТЖД Аягөз ауданының төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді !!!

Судағы қауіпсіздік шаралары.

Отбасыңыздың барлық мүшелерінің жүзе білуін қамтамасыз етіңіз.
Кішкентай баларға үлкендердің қарауынсыз суға шомылуға рұқсат етпеңіз.

Бейтаныс жерлерде сүңгімеңіз.

Рұқсат етілмеген жерлерде суға түспеңіз!!!

Қатты ағысы бар жерлерде шомылмауға тырысыңыз.

Жалғыз өзіңіз шомылмаңыз.

Судағы қауіпсіздік ережелерін бұзу бақытсыз жағдайға әкеліп соғады!
Алғашқы медициналық көмек көрсету
Зардап шегушінің басын қисайтып, ауызды құм мен балшықтан тазарту керек. Тыныс жолдарын және асқазанды судан босату қажет. Мұның бәріне 15 секундтен артық кетпеуі керек. Зардап шегушінің тынысы мен тамыр соғысының бар-жоғын анықтау қажет.

Тамыр соғысы білінбесе, «ауыздан ауызға» жасанды тәсілмен дем беруге кірісу керек.

Кеуденің төменгі жағын басу арқылы жүрекке массаж жасау керек.

Есте сақтаңыз!
Зардап шегушіні дем тоқтағаннан кейін 6 минут кешікпегенде өмірге оралтуға болады.

ШҚО ТЖД Аягөз ауданының ТЖБ