Некені тіркеу және ажырасу қазір қымбат па?

Некені тіркеу және ажырасу қазір қымбат па?
Қазақстанда 1 шілдеден бастап Некені тіркеу 3 450 теңгенің орнына 3 874 теңге тұрады.
«АХАЖ-да ақылы және ақысыз қызметтер бар. Мысалы, 1 шілдеден бастап Некені тіркеу 3 874 теңге, ал өзара келісім бойынша некені бұзу 7 728 теңге тұрады. Тууды, өлімді тіркеу сияқты әлеуметтік маңызы бар қызметтер тегін болып қалады», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Абай облысы бойынша ресми өкілі Рената Тахирова.
Естеріңізге сала кетейік, некені тіркеуге өтінішті АХАТ қалалық және аудандық бөлімдерінде, сондай-ақ электрондық үкімет порталында беруге болады – eGov.kz. бұл ретте некені тіркеу ХҚКО-ларда емес, АХАТ бөлімдерінде өтетін болады.
«Некеге тұрған адамдар өз қалауы бойынша салтанатты жағдайда тіркеуші органдардың арнайы жабдықталған үй-жайларында немесе арнайы тағайындалған мемлекеттік неке сарайларында тіркеле алады. Куәлік берудің нақты уақыты мен осы рәсімді салтанатты жағдайда өткізу шарттары өтініш берген кезде алдын ала келісіледі», – деп толықтырды Рената Тахирова.
Айта кетейік, жас жұбайлардың өздері салтанатты жағдайда үйленуді немесе АХАТ бөлімінің әдеттегі кабинетіне қол қоюды таңдайды.