
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Цифрлық даму министрлігінің қолдауымен 2023 жылдың 1 шілдесінен бастапМемлекеттік корпорацияның өңірлік филиалдары қызметкерлерінің жалақысын 50%-ға көтерілетін болады.
2022 жылы Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің жалақысын екі реет көтерілген болатын. Осылайша, былтырғы өсімді есепке алғанда, жалақының жалпы өсімі 100 пайыздан астам мөлшерд іқұрады.
«Адами капитал – ел экономикасының өсуі мен тиімді жұмыс істеуініңең маңызды факторы. Біз қызметкерлеріміздің ел игілігі жолындағы еңбегі баға жетпес екенін және солүшін тиісті бағасын алу керектігін түсінеміз. Сондықтан қазіргі уақытта біз корпоративтік функцияларды орталықсыздандыру бойынша жобаны іскеасырып жатырмыз. Бұл филиал қызметкерлеріне сый ақыны дербес төлеуг емүмкіндік береді», - деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Сүйеніш Әбділдин.
Осылайша, Мемлекеттік корпорация бір қатар корпоративтік функцияларды жеңілдетіп, филиалдардың шешім қабылдау да жауапкершілігі мен дербестігін арттыра алды. Негізгі мақсаттардың бірі үнемделген қаражаттан филиал қызметкерлеріне берілетін сыйақы төлемдері үшін шығындарды оңтайландыру. Олардың мөлшері филиал басшылығы деңгейінде анықталатын болады. Бұл жұмысшыларды тиімді жұмыс істеуі үшін сыйақымен қолдаудың қосымша құралы болып есептеледі.
Айта кетер болсақ, қазіргі таңда Мемлекеттік корпорацияда 22 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді. Бұл елімізбойынша 20 филиал, 327 фронт-офис және 671 бэк-офис, 33 мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің жалпы саны.