Терек мамығын жағу қауіпті

Терек мамығын жағу қауіпті

Жыл сайын жазда терек мамығы қалада өрттің пайда болуына себеп болады, өйткені ол тез тұтанады және жоғары жылдамдықпен жанады. Құрылыстардың, қоймалардың, автокөлік тұрақтарының жанында, аулаларда, тротуарларда жиналып өрт көзі бола алады.

Көбіне өрттер балалардың ермек үшін терек мамығын салдары туралы ойланбастан өртеуінен де орын алады.

Қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін үйге іргелес аумақты, автокөлік тұрақтары мен жанғыш материалдардын және ашық сақтау орындарын уақтылы тазартуды ұмытпаңыз. Тротуарларды, үй маңындағы аумақты, әсіресе жанғыш құрылымдардан жасалған ғимараттардың, ілулі қасбеттері бар ғимараттардың жанын да суаруды қамтамасыз етіңіз. Сондай-ақ, балаларды отпен ойнаудан, от жағудан сақтандыру қажет. Сіріңкелер мен басқа да от көздерін балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Егер от және басқа да өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу қажеттілігі туындаса, оларды өткізу орны мұқият дайындалғанына көз жеткізіңіз.

Осы қарапайым ережелерді сақтау өрттің пайда болу мүмкіндігін айтарлықтай төмендетеді.

 

Аягөз ауданының ТЖБ