
2023 жылдың 25 мамыр жеке кәсіпкер Қыдырбек Сапақовтың жүлдесіне және «Балаларды Қорғау күніне» арналған 5-6 сынып қыздар арасындағы аудандық шағын футбол жарысы өтті.
Жарыстың бас төрешісі А.Омарбеков , төреші Ж.Киржибаев,Ш.Каджиакпарова төрешілер отырысында жарыс ережесімен түсіндірді. Ойындар 4 көпфункционалды жасанды жасыл алаңдарда өткізілді.Ашылу салтанатында #9 аралас бастауыш мектебі оқушылары әдемі би,әсем әндерімен көрермендерге жақсы көңіл -күй сыйлады.Мектеп әкімшілігі жарысты жоғарғы дәрежеде өтуіне ат салысты. Аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Азимбаев, Қыдырбектің ұлы Назарбек қыздарды жарыспен құттықтап, сәттілік тіледі. Жарысқа 13 команда қатысуға сұраныс берді. Атап айтсақ, ауылдық окургтерден Ж. Жабаев атындағы орта мектебі, С. Ғаббасов атындағы орта мектебімен қоса алғанда, қала мектептерінен № 1, Д. Бабатайұлы,#3, № 4,№ 5,#6 орта мектебі,#7 орта мектебі,мектеп – гимназия,#10 мектеп гимназиясы,мектеп-лицей, К. Бозтаев атындағы мектеп гимназиясы командалары қатысты.Қыздар футболының ауданымызда дамуына үлкен үлес қосып жүрген № 1 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Е. Оралбеков, № 6 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Е. Мусаевтардың еңбектерін атап кетпесе болмас.Облыстық жарыстарда жүлделі орындарды иеленіп келді. Өткен жылдары Шығыс Қазақстан облысында өнер көрсетіп жүргенде Е.Рыжовты еске алуға арналған облыс біріншілігінде 2004 -2005 ж.т қыздарымыз топ жарса, 2001 -2002 ж.т қыздарымыз ІІ орын иеленді. Спартакиада аясында өткізілген 9Х9 футбол жарысында ІІ орын иеленді. Абай облысында да қыздарымыз талай белестерді бағындырады деген сенімдеміз!
Жарысқа келетін болсақ, командалар жеребе арқылы 4 топқа бөлінді. Әр топтан келесі кезеңге 2 командадан шығатын болып шешілді.
Шиеліністі ойындардың нәтижесінде Ж.Жабаев атындағы орта мектебінің, №1,мектеп-лицей, #5 орта мектебінің командалары өз ара жүлделі орындарды сарапқа салды.Ж.Жабаев атындағы орта мектебінің командасы І орынды, № 1 орта мектебінің командасы ІІ орынды, #5 орта мектебінің командасы ІІІ орынды иеленді.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер және үздік ойыншылар бас демеуші Қыдырбек Сапақовтың арнайы әкелген кубоктарымен,медальдарымен,бағалы сыйлықтарымен , мақтау қағаздарымен марапатталды.