
Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласындағы филиалында 18 мамыр күні Халықаралық музейлер күніне арналған іс-шарасы аталып өтті. «Музей түнінде» қала тұрғындары мен музей қонақтары үшін Абай облысының білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «Жас техниктар станциясының» көрмесі көрермендер назарына ұсынылды. Бұған қоса, Аягөз музейіндегі жыл бойы мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысқан мәдениет, білім саласының мамандарына музейдің арнайы алғыс хаттары табыс етілді. Аудандық мәдениет үйінің әншілері тамылжыта ән салса, «Айгерім» би ансамбльі мың бұралған билерімен көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар өңірімізден шығатын облыстық-қоғамдық әдеби-газет «Мөлдір сана» газетінің бас редакторы, журналист Бақытөмір Шалғынбайұлымен кездесу кеші ұйымдастырылды. «Аңыздар елі, Абыздар елі-Аягөз» атты викториналық сұрақ-жауап ойыны қонақтар үшін өте қызық болды. Шара соңында іс-шараға қонақ болып келген: О.Тұрысбекұлы, Ә.Баймоллаев, С.Қыржыбаев, Ә.Омаров, Ж.Казбеков жылы лебіздерін білдіріп, музей қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің
Аягөз қаласындағы филиалы