
Сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдердің басшылары, кала әкімі, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi және есеп беруші мекемелердің басшылары сессияға қатысты.
Аягөз аудандық мәслихаттың сайланған 15 депутаттан 12 депутат қатысты.
Сессияның күн тәртібі:
Кезектен тыс отыз сегізінші сессияның күн тәртібі бекітілсін:
1. Алтыншы шақырылған Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының кезекті ХLV сессиясының күн тәртiбi туралы
2. 2019 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы
«Аягөз ауданының 2019 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы» жылдық есебіне қатысты ШҚО бойынша тексеру комиссиясының қорытындысы
3.Аягөз ауданындағы діни ахуал жағдайы және діни бірлестіктермен жұмыстары туралы
4.Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу туралы
5. «Аягөз ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» Аягөз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 42/291 – VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
6. Аягөз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы №34/225- VІ «Аягөз аумақтық және учаскелік сайлау комисияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
7. Аягөз ауданының бюджеттік комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы
8.«Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 27/190-VI шешімінің қолданылуын тоқтата тұру туралы
9. №12 сайлау округінің депутаты Н.Дюсенбаевтың сессия төрағасы өкілеттілігің узарту туралы
Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.