«Жасыл мекен»

«Жасыл мекен»

2023 жылдың 13 мамыр күні «Аягоз ауданы білім бөлімі» ММ-не  қарасты барлық білім беру ұйымдарында бір мезгілде «Жасыл мекен» челленджі ұйымдастырылды. «Жасыл мекен» челленджі көктемде көшет отырғызу арқылы қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды дәріптеумен қатар, еңбекқорлыққа баулу, айналаны көгалдандыруға, абаттандыруға бастама болып табылады және де  білім алушылардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғат пен қоршаған ортаны құрметтеуге,  адамдарға деген қамқорлық сезімін дамытуға бағытталған.
Челленджге аудындық білім бөлімінің басшысы  Н.Т.Азимбаев бастаған, білім бөлімінің қызметкерлері және мектеп әкімшілігі мен 9-11 сынып оқушылары қатысты. Нәтижесінде 1850 түп  көшет отырғызылып, 3200 дана  гүлдер егілді.