
2023 жылдың 13 сәуір күні «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК ұйымдастыруымен Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасына облыстық кезеңіне Аягөз ауданынан үш оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» КММ 9-класс оқушысы Сейфулмуликова Айнұр І орын (жетекшісі Ж.Р.Смагулова), 10-класс оқушысы Кажигереева Тұрсынай
ІІІ орын (жетекшісі А.М.Кунанбаева). «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» КММ 11-класс оқушысы Тускунова Еркежан І орын (жетекшісі Э.О.Бозекенова). Жүлделі орын алған оқушылар мен жетекшілерді құттықтаймыз. Республикалық кезеңге жолдама алған оқушыларымызға сәттілік!