
Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласындағы филиалында 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Ынтымағы жарасқан туған елім» атты танымдық дәріс өтті. Дәріске № 3 ЖББОМ-нің 4-сынып оқушылары мен жетекшісі қатысты. Оқушылардың назарына Қазақстанда тұратын барлық этностардың тарихы мен қазіргі өмірін, мәдениетін, дәстүрлерін және өнерін бейнелейтін бейнематериал ұсынылды. Сонымен қатар оқушылар бір-бірімен әр ұлт өкілдері жайлы дайындап келген деректерімен бөліскен болса, музей қызметкерлері өз кезегінде қазақтың тұрмыс-тіршілігінен, мәдениетінен сыр шертетін «Этнография» бөлімімен таныстырды. Шара соңында оқушылар суретке түсіп, ерекше көңіл-күйде тарқасты.
Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің
Аягөз қаласындағы филиалы