
18 сәуір- Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласындағы филиалында «Тарих сырын ашатын ескерткіштер» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Өскелең ұрпақты өңірімізде орналасқан тарихи-және мәдени ескерткіштерді қорғау, насихаттау және құрметтеуге тәрбиелеу -экскурсияның басты мақсаты болып табылды. 1984 жылдан бастауын алған бұл күні №5 жалпы орта білім беретін мектептің 7 сынып оқушылары мен жетекшісі Ж.Жұмақанова орталық алаңда орналасқан ҰОС ардагері, Кеңес Одағының Батыры, жерлесіміз Мұқатай Әбеуұлының монументіне тағзым жасап, майдангердің ерен ерліктерімен танысты.
Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің
Аягөз қаласындағы филиалы