Абай облысының 2 154 тұрғыны жыл басынан бері жүргізуші куәлігін алды

Абай облысының 2 154 тұрғыны жыл басынан бері жүргізуші куәлігін алды

Ауа-райының жылынуына байланысты жолдарда жаңа автокөлік әуесқойлары пайда болады. Олардың біреуі алғаш рет көліктің рульіне отырды, ал біреуі мотоциклді басқара бастады. Қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін облысымызда жол қозғалысына 2 154 жаңа қатысушы пайда болды. 

 

Жүргізуші куәлігін алу процесін шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады: 

 

- жол қозғалысы ережелерін және көлік құралын практикалық басқаруды үйрету;

 

- құжаттарды жинау; 

 

- құжаттарды тапсыру;

 

- емтихан тапсыру және жүргізуші куәлігін алу.

 

Айта кету керек, бүгінгі күні жүргізуші куәлігін алғаны үшін мемлекеттік баж 1,25 АЕК, яғни 4 313 теңгені құрайды.