
Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласындағы филиалында 12-сәуір Ғарышкерлер күніне орай «Ғажайып ғарыш» атты танымдық дәріс ұйымдастырылды. Дәріске №10 қазақ мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушылары мен жетекшісі Т.Талғатова қатысты. Оқушылардың патриоттық, отаншылдық сезімін ояту негізгі мақсаты болып табылған дәріс барысында Қазақстан тарихы бетіне аттары алтын әріппен жазылған қазақ ғарышкерлері - Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов жайлы, тұңғыш космос корабльі ғарышқа аттанған әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы «Байқоңыр» жайлы мәліметтер берілді.
Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің
Аягөз қаласындағы филиалы