БЕРЕКЕЛІ МЕРЕКЕ

БЕРЕКЕЛІ МЕРЕКЕ

Бабадан балаға мұра болып келе жатқан Наурыз – халқымыздың бірлігінің берекесі, шынайы тірлігіміздің мерекесі. Ұлттық өркениетіміздің өлшемі. Қазақ елі бұл мейрамды қашанда биік көңілмен, кең пейілмен ерекше қарсы алады. Дәстүр бойынша Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласындағы филиалында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Берекелі мереке» атты шара ұйымдастырылды. Шараға № 1 жалпы білім беретін орта мектебінің 2 сынып оқушылары мен жетекшісі А.Турмухамбетова қатысты. Мерекелік шараға арнайы қонақ ретінде қатысқан аудандық мәдениет үйінің әртісі, «Қызыр ата» рөлін сомдаған Е.Дулатов жас бүлдіршіндерге бата беріп, ақ жол тіледі. Сонымен қатар  Наурыз мерекесінің өзіне тән ырым асы Наурыз көженің жасалу жолы көрсетіліп, оқушылар дайын көжеден дәм татты. Арқан тарту, қол күрес сынды  дәстүрлі   ойындар да ойналды.

 

Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің

Аягөз қаласындағы филиалы