
Бесік – өмірге жаңа келген сәбидің ақ отауы. Қазақ баласы бесік жырын тыңдап өскен. Бесік жыры арқылы көркем мінезді қалыптастырып, ұлттық құндылықты бойына сіңірген. Қазақтың туған жерді алтын бесікке теңеуі де бесікті ардақтаудан шыққан. Осыған орай Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласындағы филиалында сан ғасырлар бойы ұлттың ұясы, қазақы тәлім-тәрбиенің қайнар көзіне айналған, бабамыздан қалған қасиетті мүлік бесік жайлы «Тәрбие басы-тал бесік» атты танымдық дәріс ұйымдастырылды. Дәріске қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушылары мен жетекшісі А.Кумарова қатысты. Ұлттық мұрамызды ұлықтап, төл мәдениетімізді жаңғыртуға бағытталған дәріс барысында оқушыларға бесік жайлы мәліметтер беріліп, бейнеролик көрсетіліп, музейдің «Этнография» бөліміне экскурсия жүргізілді.
Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің
Аягөз қаласындағы филиалы