Қорғаныс саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қорғаныс саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі Абай облысы бойынша департаментінің халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру және қол жетімділігін арттыру мақсатында берген тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдың 9 наурызында Аягөз ауданы әкімдігінің Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында қорғаныс саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын.
«Абай облысы Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің маманы Смагулова Б.Ш. «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» және «Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметтері бойынша жан – жақты түсініктеме берді.