АЛҒЫС АЙТУ-ПАРЫЗЫМ

АЛҒЫС АЙТУ-ПАРЫЗЫМ

Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласындағы филиалында 1- наурыз Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту-парызым» атты танымдық дәріс ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту. Әдептілік пен ізеттілікке тәрбиелеу. Дәріске №5 жалпы білім беретін орта мектептің 4-сынып оқушылары мен жетекшісі А.Абсадыкова қатысты. Оқушыларға ризашылық пен алғыс туралы түсініктер беріліп,  «Алғыс айтам» ойынын қызыға ойнады. Дәріс соңында музейдің «Табиғат» бөліміне экскурсия жүргізіліп, оқушылар керемет көңіл-күймен тарқасты.

 

Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің

Аягөз қаласындағы филиалы