Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалаiшiлiк, ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалаiшiлiк, ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру
  1. "Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ 2023 жылғы 28 ақпанда Абай бульвары 14 мекенжайы бойынша өтетін жолаушылар мен багажды субсидияланатын ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарлайды

2.Конкурсқа мынадай маршруттар пакеттері (маршруттар)қойылады:

1) № 1 Маршрут "Солтүстік қалашық -Көшкімбаев көшесі";

2) № 3 Маршрут "Орталық базар - Мамырсу ауылы;

3) № 5 "Құлсейітов көшесі - 2 мектеп"бағыты;

4) № 7 Маршрут "Орталық базар –Ескі Майлин ауылы";

5) № 2 Маршрут "Ларшин көшесі – Школьная көшесі";

6) "Аягөз қаласы - Сарыарқа ауылы" субсидияланатын бағыты;

7) "Аягөз қаласы - Қорық ауылы" субсидияланатын бағыты;

  1. Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарын иеленетін кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
  2. Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер "Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ-не Аягөз қ., Момышұлы,62 мекенжайы бойынша конкурстық құжаттар жиынтығын алуға жазбаша өтінім береді.
  3. Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2023 жылғы "23" ақпан.
  4. 2023 жылғы "3" ақпанда сағат 15:00-де конкурстық Комиссия конкурс өткізу мәселелері бойынша конкурс алдындағы конференция өткізеді.

7. Анықтама алу үшін мына телефон арқылы хабарласуға болады: 3-22-10