
2023 жылдың 12 қаңтар күні оқу,ғылыми,ұйымдастырушылық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен облыстық «Денсаулықты ықпал ететін мектептер» жобасына енген «№ 3 жалпы орта беретін аралас мектебі»КММ-ң, «№ 4 жалпы орта беретін аралас мектебі»КММ-ң, «№ 5 жалпы орта беретін мектебі»КММ-ң тәрбие ісінің меңгерушілері,дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған «ZOOM» платформасы арқылы «Денсаулықты ықпал ететін мектептер» жобасы бойынша аудандық семинар өткізілді.
Жалпы жобаның мақсаты дені сау, денсаулық мәдениеті қалыптасқан, патриот, бәсекеге қабілетті, дербес тұлға қалыптастыру
Міндеттері:
Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту бойынша ғылыми-негізделген ұсыныстарды оқу үдерісіне енгізу;
Семинарда «№ 4 жалпы орта білім беретін аралас мектебі»КММ-ң дене шынықтыру пәні мұғалімі М.Ардашев «Оқу-тәрбие процесінде балалардың денсаулығын нығайту және мектепте практикалық түрде қолданылатын іс- шаралар»атты баяндамасымен іс- тәжірибесімен бөлісті. Соңында қатысушылар ойларын ортаға салды.