«Жаңа Жыл» мейрамына арналған волейбол жарысы

«Жаңа Жыл» мейрамына  арналған  волейбол жарысы

2023 жылдың 4 қаңтар күні «Қалалық қазақ мектеп лицейі»КММ- де аудандық білім және  ғылым беру қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен білім қызметкерлері арасында «Жаңа  Жыл» мейрамына арналған волейболдан жарыс  өткізілді. 

Жарысқа ауа-райының  қолайсыздығына байланысты, көп командалар қатыса алмады.

Қала мектептерінің командалары өз -ара жарыс жолына  шығып, жеңімпаздарды анықтады. Мықтылар анықталып, ақтық ойындарда өнер көрсетті.Жарыс  өте  тартысты өтті. Тартысты  ойындарда  қарсыластарын жеңіп, І  орынды № 1 орта мектебінің  командасы, ІІ орынды  № 4 орта  мектебінің командасы,  ІІІ  орынды  С.Ғаббасов  атындағы орта мектебінің командасы иеленді.

Жарыс  соңында жеңімпаздар мен  жүлдегерлер және үздік ойыншылар аудандық білім және  ғылым беру қызметкерлері  кәсіподақ комитетінің кубогымен,медальдарымен,бағалы  сыйлықтарымен,мақтау қағаздарымен марапатталды. Үздік  ойыншылар  болып, Е.Орынғожин, А.Кананов, Б.Абдуллин, М.Сабиев танылды.