
2022 жылдың 23 желтоқсан күні «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай,адандық мәдениет,тілдерді дамыту,денешынықтыру және спорт бөлімінің,балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің,білім бөлімінің ұйымдастыруларымен орталық стадиондағы мұз айдынының ашылуына арналған және қысқы спорт түрлерін аудан тұрғындары арасында дамыту мақсатында қыстық спорт түрлерінен жарыс өткізілді.
Балалар –жасөспірімдер спорт мектебінің директоры,аудандық мәлихаттың депутаты Е.Юсуповтың аудан тұрғындарына тегін мұз алаңын ұжымымен жылда құйып,салауатты өмір салтына ұстануға үлкен септігін тигізуде.Осы орайда, «Су» МКК –ң қызметкері К-700 жүргізушісі Серкқан Қабышұлы Дүйсенбаевтың еңбегін атап кетпесе болмас,қар жауғанда мұз алаңын қардан әр кезде тазалап,тұрғындардың алаңсыз коньки тебуге жағдайларын жасауда.
Ашылу салтанатында білім бөлімінің басшысы Н.Азимбаев қатысушыларға қыстық спорттың,салауатты өмір салтының маңыздылығына тоқтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыс жолына білім қызметкерлері және оқушылар шықты. Қатысушылар өздері де сезгендей болды,өйткені,жаттығуларды орындағанда шеберліктері жетпей жатты. Болашақта қолға алса,оны да меңгеруге болатыны ақиқат.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге келетін болсақ:
Ерлер арасында конькимен сырғанаудан І орынды К.Байбазаров(№ 1ЖОББМ),ІІ орынды Е.Данияров (К.Бозтаев ат.гимназия),ІІІ орынды А.Кананов (№ 4 ЖОББаралас М) иеленді.
Әйелдер арасында І орынды А.Боздакова (№ 3ЖОББарлас М),ІІ орынды А.Абсадыкова (№ 5 ЖОББМ),ІІІ орынды Э.Ниханбаева (№ 1 ЖОББМ) иеленді.
Ұлдар арасында конькимен сырғанаудан І орынды Т.Сериккалиев(№ 7 ЖОББМ), ІІ орынды Б.Мәсілхан (№ 1 ЖОББМ),ІІІ орынды Н.Нахсбеков (мектеп- лицей) иеленді.
Қыздар арасында конькимен сырғанаудан І орынды Ж.Абдуллина (Д.Бабатайұлы ат.ом),ІІ орынды Б.Муратова (К.Бозтаев ат.гимназия), А.Орынбасова (№ 3 ЖОББарлас М)иеленді.
Конькиден эстафета жарысында І орынды (№ 1 ЖОББМ),ІІ орынды К.Бозтаев ат.гимназия), ІІІ орынды мектеп- лицей командасы иеленді.
Шаңғы жарысынан ерлер арасында І орынды М.Махат (Мектеп- гимназия),ІІ орынды А.Кондыбаев (Д.Бабатайұлы ат ЖОББМ),ІІІ орынды Е.Игисинов (№ 4 ЖОББаралас М)
Шаңғы жарысынан әйелдер арасында І орынды Н.Кальжирова (К.Бозтаев ат гимназия),ІІ орынды Б.Есмухаметова (Д.Бабатайұлы ат.ом),ІІІ орынды Э.Ниханбаева (№ 1 ЖОББМ) иеленді.
Шаңғы жарысынан ұлдар арасында І орынды Е.Аймухаметов (Мектеп- гимназия),ІІ орынды Н.Журсінов (№ 1 ЖОББМ),ІІІ орынды Ж.Турлыбеков(№ 5 ЖОББМ)иеленді.
Шаңғы жарысынан қыздар арасында І орынды Н.Кәдірбаева(№ 4 ЖОББ араласМ),ІІ орынды Н.Дюсембаева(№ 1ЖОББМ),ІІІ орынды Г.Мейрамбаева (№ 10 гимназия гимназия) иеленді.
Шағын футболдан І орынды мектеп- гимназия, ІІ орынды № 3 орта мектебі,ІІІ орынды № 1 орта мектебінің командасы иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубогымен, мақтау қағаздарымен,медальдарымен марапатталды.
Оқушылар,ұстаздар көтеріңкі көңіл- күймен тарқасты...Аудан тұрғындарын кешкілік,демалыс күндері орталық стадиондағы мұз айдынына шақырамыз!