«Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған 10-11 класс қыздары арасындағы баскетбол жарысы

«Тәуелсіздік күні» мерекесіне  арналған 10-11 класс  қыздары  арасындағы  баскетбол  жарысы

2022  жылдың   14-15 желтоқсан аралығында  аудандық  мәдениет,тілдерді дамыту,денешынықтыру  және  спорт  бөлімі мен  аудандық  білім  бөлімдерінің ұйымдастыруларымен «№ 3 жалпы  орта  білім  беретін  аралас  мектебі»КММ-де арасында  «Тәуелсіздік  күні»  мерекесі арналған 10 – 11 класс  оқушылары арасында баскетбол  жарысы өткізілді. Жарыстың бас  төрешісі  Е.Оралханов төрешілер отырысында жарыстың  өту  барысымен  таныстырды,командаларды  жеребе  арқылы  3 топқа  бөлінетінін  хабарлады.

         Ашылу  салтанатында мектеп  директоры Қ.Қамытбаев және аудандық  білім  бөлімінің  әдіскері С.  Қыржыбаев қатысушыларды  мерекемен  құттықтап,салауатты  өмір  салтының  маңызын  айта  келе,ойыншыларға  сәттілік  тіледі. Мектеп оқушылары  қыздар  тобы  әсерлі  әнмен,мың  бұралған  қыздар  қазақтың  биімен көрермендерді  тәнті  етті.

Үздік  3 команда ақтық  ойындарда  бақтарын  сынады.Жоғарғы  дәрежеде өнер  көрсеткен  «№ 3 жалпы орта  білім  беретін  аралас  мектебі»КММ-ң  командасы І  орынды,ІІ  орынды «Қалалық  қазақ  мектеп лицейі»КММ-ң  командасы, ІІІ  орынды «Ж.Жабаев  атындағы  жалпы  орта  білім  беретін  мектебі»КММ-ң  командасы  иеленді. Жарыстың  «Үздік шабуылшысы» болып,3 орта  мектебінің  оқушысы Н.Беккожина, «Үздік қорғаушы»- А.Мубаракова, «Көрермендер көзайымы»- мектеп – лицей  оқушысы Е.Тускунова, «Үздік  ойыншысы» болып, №3 орта  мектебінің оқушысы А.Орынбасова болып  танылды. 

         Жарыс  соңында жеңімпаздар мен  жүлдегерлер аудандық  мәдениет, тілдерді дамыту,  денешынықтыру және  спорт бөлімінің  кубогымен,медальдарымен,  мақтау  қағаздарымен  марапатталды.