
2022 жылдың 09 желтоқсан күні № 7 орта мектебінде 10-11сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған "Жас құтқарушы"атты әскери-спорттық жарыс өткізілді.Мектеп оқушыларының шағын концерті жас құтқарушыларға көтеріңкі көңіл сыйлады. Аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Азимбаев пен аудандық ТЖБ-ң бастығы Р.Байтурсынов қатысушыларды мерекелерімен құттықтап,сәттілік тіледі.Жарыстың бас төрешісі А.Сулейменов жарыстың өту тәртібімен таныстырып кетті. Аудандық білім бөлімі мен Аягөз ауданының ТЖБ бөлімдерінің ұйымдастыруларымен өткізілген жарыста командалар жақсы өнер көрсете білді. Өрт сендіру киімі кию, АК-74 оқу автоматын шашып-жинау,өрт сөндіру арқанын күрмекке байлау,өрт сөндіру арқанын құтқарушыға байлау,өрт құралдарымен эстафеталық жүгіріс сияқты кезеңдерден тұрған жарыста І орынды «№ 7 жалпы орта білім беретін орта мектебі»КММ командасы,ІІ орынды «№ 1 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-ң командасы,ІІІ орынды «Қалалық қазақ мектеп лицейі»КММ-ң командасы мен «№ 5 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-ң командасы иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық ТЖБ-ң арнайы дайындаған кубогымен,медальдарымен,мақтау қағаздарымен марапатталды.
Посвящается празднику "День независимости"