"Балалар жылына", "Тәуелсіздік күні" мерекесіне арналған аудандық 2007-2008 жылы туылған қыздар арасындағы волейбол жарысы

"Балалар жылына", "Тәуелсіздік күні" мерекесіне арналған аудандық 2007-2008 жылы туылған қыздар арасындағы  волейбол жарысы

2022 жылдың желтоқсан айының 9 күні "№ 1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ -де аудандық мәдениет,тілдерді дамыту,денешынықтыру және спорт бөлімі мен  білім  бөлімдерінің ұйымдастыруларымен "Балалар жылына", "Тәуелсіздік күні" мерекесіне арналған аудандық 2007-2008 жылы туылған қыздар арасында  волейбол жарысы өткізілді.Ашылу салтанатына Аягөз аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Азимбаев  қатысушыларды мерекелерімен құттықтап,ізгі тілектерін білдіріп,сәттілік тіледі.Мектептің жас әртістері оқушыларды әсемдікке,әдемілікке баулитын талғамы жоғары қойылым қойып,көрермендерді де баулап алды.Ауданымыздың мақтанышы, волейбол жарыстарында өзінің шеберлігін көрсетіп жүрген,Аягөз ауданының,Абай облысының волейболдан құрама командасының мүшесі, жақында Ақтөбе қаласында өткен Республикалық жарысқа қатысып, тамаша ойын - өрнегін көрсеткен 10 "А" сынып оқушысы Сакенова Лимараны ортаға шақырып, білім бөлімінің басшысы мақтау қағазын және сыйлықтарын тапсырып, болашақта биік белестерді бағындыра беруіне тілекші екенін айтты.

  Жарыс жолына шыққан 16  команда төрт топқа бөлініп,  өз бақтарын сынады.Іріктелген кілең мықтылар №1 орта мектебі ,мектеп-гимназия,мектеп-лицей,№ 10 гимназия командалары қалып,жүлделі орындарды сарапқа салды.

     Ақтық ойындарында деңгейлері бір дәрежедегі командалардың ойындары шиеліністі, тартымды,қызықты өтті. Барлық ойындарда жеңіске жетіп, І орынды «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп гимназиясы»КММ-ң командасы иеленсе,ІІ орынды «№10 қазақ  мектеп гимназиясы»КММ-ң командасы,ІІІ  орынды «№ 1 жалпы орта білім  беретін орта  мектебі»КММ-ң командасы иеленді.Жүлдегерлер қатарына  бір  табан жетпей,мектеп- лицей командасы ІV орын  иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер және үздік өнер көрсеткен ойыншылар аудандық мәдениет,тілдерді дамыту,денешынықтыру және спорт бөлімінің кубогымен,медальдарымен,мақтау қағаздарымен марапатталды.              Марапаттау соңында,ауданымыздың мақтанышы Л.Сакенованы аудандық мәдениет,тілдерді дамыту,денешынықтыру және спорт бөлімі мақтау қағазбен марапаттады.