
2022 жылдың 2 - 3 желтоқсан аралығында Абай облысының Ақсуат ауданы Көкжыра ауылында волейболдан 2006 -2007 ж.т ұлдар және қыздар арасында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің еңбегі сіңірген қызметкері, полиция полковнигі, заң ғылымдарының кандидаты, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы Дәлелхан Кәмелбекұлы Сабуровты еске алуға арналған облыстық турнир өтті. Турнирге Абай облысының барлық аудандарынан командалар қатысты. Аудандық мәдениет,тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімінің,балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің және білім бөлімдерінің бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесінде ауданымыздың жас волейболшылары Ақсуат ауданында өткен облыстық волейбол жарысына қатысып,жоғарғы нәтижемен оралды.
Тартысты өткен ұлдар арасындағы жарыста жаттықтырушылар Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Е.Балабеков пен балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Е.Қабылбаевтың жетекшілігімен өнер көрсеткен Аягөз ауданының құрама командасы ІІ орын иеленді.
Құрамында төмендегі тізімдегі қатысқан оқушылар:Еркебуланұлы Елнұр,Серикжанов Ернар,Кенесбек Мәди,Балтабек Нұржалғас,Сайлаукенов Бексұлтан(«Ш.Уәлиханов атындағы ЖОББМ»КММ),Садуақасов Рахат пен Калиев Ерасыл («О.Меңаяқұлы атындағы ЖОББМ» КММ -балалар- жасөспірімдер спорт мектебінің волейбол үйірмесінің оқушылары) және Тлеутай Мұстафа(«М.Әбеулов атындағы ЖОББМ»КММ) жақсы ойын көрсетіп,көреремендердің ықыласына бөлінді.
«Үздік ойын үйлестірушісі» номинациясымен Серикжанов Ернар марапатталды.
Балалар- жасөспірімдер спорт мектебінің волейбол бөлімінің жаттықтырушысы Л.Нанковскаяның оқушылары қыздар арасында І орын иеленді. Жеңімпаздарға келетін болсақ: Сакенова Лимара(«№ 1 ЖОББМ»КММ),Дюсенбаева Нурлы(«№ 1 ЖОББМ»КММ),Байназарова Анель(Қалалық қазақ мектеп лицейі»КММ),Кузнецова Карина(«№ 7 ЖОББМ»КММ),Нурахатова Асима (№ 10 қазақ мектеп гимназиясы»КММ),Байтурсынова Асель («Көпбейінді қазақ мектеп гимназиясы»КММ),Қаттабаева Дана(Қалалық қазақ мектеп лицейі»КММ), Еркешова Нурай(«Көпбейінді қазақ мектеп гимназиясы»КММ).Қыздар командасы жақсы ойын –өрнегін көрсетіп, ең мықты команда екенін дәлелдей білді. Сакенова Лимара жарыстың «Ең үздік шабуылшысы» номинациясымен марапатталды. «Үздік жаттықтырушылар» номинацияларымен Л.Нанковская мен Е.Балабеков марапатталды. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жеңімпаздар кубоктар, мадақтау қағаздар,ақшалай сыйлық және заттай сыйлықтармен мараппаталды.