
2020 жылдың наурыз айының 3 күні аудандық «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» мәдениет үйінде аудандық «Аягөз аруы- 2020» сұлулық байқауы өтті. Байқауға тән сұлулығымен жан сұлулығын, тәлім мен тәрбиені, білім мен біліктілікті ту еткен 8 аруымыз бабы мен бағын сынады. Аруларымыз сұлу ғана емес, дарынды әрі талантты. Әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша:
Бас жүлде: Садықбаева Аяулым (колледж)
1 орын: Сембай Дариға ( №3 орта мектеп)
2 орын: Илиасова Жанерке (К. Бозтаев атындағы мектеп)
3 орын: Каримбекова Дария (№6 орта мектеп) иеленсе, номинациялармен:
«Көрермендер көзайымы»- Серікбаева Еркежан (қазақ лицейі)
«Білімді ару»- Бауыржанқызы Аяжан (қазақ гимназиясы)
«Өнерлі ару»- Миратқызы Назерке (№5 орта мектеп)
«Қылықты ару»-Серікқызы Асылай (колледж) марапатталды. Сондай- ақ, арнайы «Ынталандыру сыйлыгы» байқаудың ең кішкентай қатысушысы: Бауыржанқызы Аяжанға табысталды.