«Алғыс айту күніне» және «Халықаралық әйелдер мерекесіне» арналған мерекелік шара

«Алғыс айту күніне» және «Халықаралық әйелдер мерекесіне» арналған мерекелік шара

2020 жылдың 28 ақпан күні Аягөз аудандық білім бөлімінің ұйымдастырумен «Қозы Көрпеш-Баян сұлы» мәдениет үйінде «Алғыс айту күніне» және 8 Наурыз «Халықаралық әйелдер мерекесіне» арналған мерекелік шара өтті. Мерекелік шараға ардагер ұстаздар, ауданымыздағы барлық мекеме басшылары, мектеп басшылары, балабақша меңгерушілері, елеулі қонақтар шақырылды. Мерекелік концертте Аягөз ауданы әкімінің орынбасары Сүлейменов Болат Серікқазыұлы және Нұр Отан партиясының Аягөз аудандық филиалының бірінші орынбасарының төрағасы Ғабдуллина Кенжегуль Болатбекқызы ізгі тілектерін білдірді. Мерекелік бағдарламаға сай «Өнер» мектебінің, №5,№6 балабақшаларының бірлескен ересек топ тәрбиеленушілерінің, №10 қазақ мектеп – гимназиясының өнерлері тамашаланды. Сонымен қатар, мерекеге орай, бірқатар ұстаздар облыстық білім басқармасының құрмет грамотасымен, аудан әкімінің алғыс хатымен, аудандық білім бөлімінің мадақтама грамотасымен марапатталды. Мерекелік шараны өз деңгейінде мәнді де, мазмұнды жүргізе білген №10 қазақ мектеп-гимназиясының басшысы Абай Таласовичке, мектеп ұжымына, өнерлерімен паш еткен оқушыларына аудандық білім бөлімінің басшысы Нурғали Тлекқалиұлы зор алғысын білдірді. Тағы айтып өтетін жағдай 28 ақпан күні Шығыс өңірлік жаңа технологиялар орталығының ұйымдастырумен «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе...» тақырыбында 7 кластарға арналған онлайн жүйесіндегі кіріктірілген сабақ түрінде қазақ тілі, ағылшын тілінде өткізілді. Онлайн сабаққа Аягөз ауданы бойынша «№10 қазақ мектеп-гимназиясы» КММ-нің 7 класс оқушылары қатысты. Онлайн сабақ 21 ақпан күні ашылған Абайтану кабинетінде өткізілді. Онлайн сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, сұрақтарға жауап беріп, Абай Құнанбаевтың өлеңдерінен үзінділер оқыды. «Егер мен Абай болсам» тапсырмасында оқушылар ұтымды, ұтқыр ойын білдіріп, өз шығармашылықтарынан бір шумақ Абайға арнауы айтылды. Онлайн сабақтың соңында қатысқан оқушылар алған әсерлерін бөлісті. Шығыс өңірлік жаңа технологиялар орталығының ұйымдастырушылары тарапынан «№10 қазақ мектеп – гимназиясы» КММ-нің белсенді қатысқаны үшін жақсы баға беріліп, алғыс білдірілді.