
2022 жылдың 4 қараша күні аудандық оқу- ғылыми ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес, «Ұлттық ойындардың маңызын арттыру» атты семинар «Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін № 6 мектебі» КММ-де өтті.Мектеп директоры Ж.Сапакова, аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Қыржыбаев семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі. Мектептің жас әртістері өнерлерін ортаға салды.
Семинардың мақсаты: Мамандарға оқу үрдісінде оқытудың ұлттық ойындарды сабақта қолдану,тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау және тәжірибені дамыту бойынша көмек көрсету, жаңа идеялар ойлау және тәжірибе алмасу. Дене шынықтыру пәнінің жеке тұлғаны тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Ол оқушының дене дамуына, әлеуметтік, дербес және рухани қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептің білім беру жүйесінде дене шынықтыру оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Ал қазақтың ұлттық ойындары – баланың зерек те ақылды, шымыр да ширақ боп өсуінің басты құралы. Оны оқыту процесінде қолдану – тиімді әдіс.Осындай мақсаттарды алдына қойған семинарға ауданымыздың 36 дене шынықтыру пәні мұғалімдері қатысты. Семинар барысында Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін № 6 мектебі»КММ-ң дене шынықтыру пәні мұғалімі Ж.Абдинов пен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Б.Абеуова іс-тәжірибелерімен бөлісті.Қатысушылар өз білімдерін жетілдіріп, қоржындарын сабақтың жаңа әдіс-тәсілдерімен толтырып, ризашылықпен қайтты.Семинар соңында «Жақсы тілектер алқасы» әдісі бойынша кері байланыс жасалынып, мамандар өз ойларыымен бөлісіп, ақ тілектерін білдірді.