«Жас сарбаз» сыныптары арасындағы облыстық «Алау»әскери-спорттық жарыс

«Жас сарбаз» сыныптары  арасындағы облыстық «Алау»әскери-спорттық жарыс

2022 жылдың 1-3 қараша аралығында   «Googie.meet» платформасы  арқылы «Жас сарбаз» сыныптарының  арасында облыстық «Алау» әскери- спорттық жарыс  өткізілді. Оқушыларымыздың Отанның лайықты қорғаушысы болу үшін, жоғары саяси, моральдық-жауынгерлік және психологиялық қасиеттерге ие болу керек, қару-жарақты жетік білу, әртүрлі  жағдайында әрекет ете білу, физикалық тұрғыдан дамыған және шыңдалған болу керек. Әскери-спорттық ойындар әскери-патриоттық тәрбие жүйесінде үлкен рөл атқарады. Әскери-спорттық ойындардың тәрбиелік рөлі жастардың оларға үлкен қызығушылықпен қарауының, оларды ынтамен ойнауының арқасында артады. Әскери-патриоттық тәрбиедегі ойындардың рөлі, ең алдымен, бұл ойындар жастардың жоғары моральдық сезімдерін, моральдық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді. Ойындар барысында ерік-жігер тәрбиеленеді және қатаяды, тәртіпті, табандылықты, төзімділікті тәрбиелеу үшін қолайлы жағдайлар жасалады.Осындай  мақсатпен  өткізілген облыстық  «Алау»әскери-спорттық жарыста ауданымыздың  намысын «№ 6 жалпы  білім  беретін орта  мектеп жанындағы  интернатпен» КММ–ң мен «№ 4 жалпы  орта  білім  беретін аралас  мектебі»КММ-ң оқушыларынан  құралған  аудан  құрама  командасы қорғады. Жетекшісі А.Ахметжанов оқушыларды жарысқа  жақсы  дайындап,тамаша  жетістікке жетті.

№ 6 орта  мектебі оқушылары: Р.Ерғали,Д.Гусманов,Н.Ернаров,Б.Озыкенов,С.Иливханова

 № 4 орта  мектебі оқушылары:

Ә.Айдосов,Н.Кадырбаева

  Ауданымыздың  намысын қорғап,биіктерден  көріне  білді.Жаттығуларды шебелікпен орындап,белтемірде  тартылудан І  орын, орнынан жатып  денені  көтеру (Пресс) кезеңдерінен І орын, газтұмылдырық  киюден ІІІ орын және  жалпыесептік көрсеткіш бойынша жүлделі  ІІ  орын  иеленді.

Жас  сарбаздарымызды жақсы  жетістіктерімен  құттықтаймыз!