«Балалар жылына» арналған үстел теннисінен ұстаздар арасындағы жекелей жарыс

«Балалар жылына» арналған үстел  теннисінен  ұстаздар арасындағы жекелей жарыс

2022  жылдың  02 қараша  күні  № 3 орта  мектебінде  аудандық  білім және аудандық мәдениет,  тілдерді  дамыту, дене  шынықтыру  және  спорт  бөлімдерінің ұйымдастыруларымен «Балалар жылына» арналған үстел  теннисінен ұстаздар арасындағы жекелей жарыс өткізілді.

 Жарысқа ауданымыздың ұстаздары қатысты.Жарыстың  бас  төрешісі Т.Оспанбеков жарыс  тәртібімен  таныстырып, жарыс  басталып  кетті.

     Жарыс  өте  шиеленісті  өтті.Ойыншылар бар  айла – тәсілдерін  қолдана  отырып,  қарсыластарын  қапы  қалтыруға  тырысты. Дегенмен,  шын мықты , мықты  екенін  дәлелдейді.Жарыс екі  топ бойынша  өткізілді.40 жасқа  дейінгі,40 жастан  жоғары.

Жеңімпаздар  мен жүлдегерлер төмендегідей болды:

40 жасқа дейінгі  ерлер  арасында І орынды С.Бөлеков (С.Ғаббасов  атындағы  ом),ІІ  орынды Қ.Бөлеков(БЖСМ),ІІІ  орынды М.Сабиев(С.Ғаббасов  атындағы  ом) иеленді.40 жасқа дейінгі әйелдер  арасында  І  орынды А.Кайранбаева (№ 4 ЖОББараласМ),ІІ  орынды А.Боздакова(№ 3 ЖОББараласМ),Ж.Жакупбаева(С.Нуғыманов  ат.  ом).

40 жастан  жоғарғы  ерлер  арасында І орынды М.Тураров (Көпбейінді қазақ  мектеп гимназиясы),ІІ  орынды Д.Закиров (С.Ғаббасов  ат. ом),ІІІ  орынды Б.Битимбаев (БЖСМ).40 жастан жоғарғы әйелдер арасында І орынды Б.Есмухаметова (Д.Бабатайұлы  ат.  ом),ІІ  орынды Э.Ниханбаева (№ 1 ЖОББМ).

                    Жарыс  соңында жеңімпаздар мен  жүлдегерлерді  аудандық  білім бөлімінің,аудандық мәдениет,  тілдерді  дамыту, дене  шынықтыру  және  спорт  бөлімінің медальдарымен,  мақтау  қағаздарымен марапатталды.