
2020 жылдың 24 ақпанында Өскемен қаласының Қазақстан-Американдық еркін университетінде Ұлы ақынымыз Абайдың 175 жылдығына орай мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында "Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы"атты облыстық көркем сөз оқу сайысы өтті. Көркем сөз оқуға ШҚО мектептері мен аудандарынан 156 үміткер келіп бақтарын сынады.Бұл сайысқа ауданымыздан жүлдегер атанған үш оқушы қатысты.Үш номинация бойынша өткен сайыстың қорытындысы бойынша
1.Абайдың бір өлеңін қазақша жатқа оқудан"Ж.Жабаев ат.ЖББОМ" кмм 10-сынып оқушысы Серікханова Аяулым 2-орын (Бибекова Ж.К);
2.Абайдың бір өлеңін орысша жатқа оқудан "Бозтаев ат.қазақ мектеп-гимназия"кмм 10-сынып оқушысы Маулитова Алина 1-орын (Максымбаева Ш.К);
3.Абайдың бір өлеңін ағылшынша жатқа оқудан "Көп салалы мектеп -лицей"кмм 11-сынып оқушысы Оралханова Шырайлым (Ильясова А.Ж)1-орын және ҚАЕУ -да оқу үшін 30%жеңілдік берілді.Осы оқушыларымызды алған жүлделерімен құттықтаймыз!