МӘҢГІ ЖАСА, ҚЫРАН ЕЛІМ ҚАЗАҚСТАН!

МӘҢГІ ЖАСА, ҚЫРАН ЕЛІМ ҚАЗАҚСТАН!

Біздің дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан.
1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді. Ұлттық мереке қарсаңында Аягөз қаласының тарихи-өлкетану музейінде «Мәңгі жаса, қыран елім Қазақстан» атты іс-шара ұйымдастырылды. Басты мақсаты - оқушыларды туған жерін, халқын ардақтап өтуге үйрету, бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру болып табылатын бұл шарада Қазақ елінің 1990 жылдан бері тарихына көз жүгіртілді, сондай-ақ қатысушылардың назарына «Қазақ еліне саяхат» атты бейнематериал ұсынылды.

Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің

Аягөз қаласындағы филиалы