
Қазан айының 19-ы күні «Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін №6 мектебі» КММ-нің «Жас сарбаз» жетекшілерінің,ұжымының ұйымдастырумен Қазақстан Республикасы күніне және «Айбынды жастар - Жаңа Қазақстанның тірегі» атты әскери патриоттық шараға орай, «Жас сарбаз» сыныптары оқушыларының салтанатты ант қабылдау рәсімі өткізілді.
Бірінші кезекте Қазақстан Республикасы Мемлекетік Туы ортаға алынып, Әнұран шырқалып, ант беру рәсімі ашық деп жарияланды.
Келесі кезекте салтанатты шараның алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Сапакова Жанар ханымға берілді. Барша жас сарбаздарды құттықтай отыра, оларға және ата-аналарына сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.
Ант беру рәсіміне 97616 әскер бөлімінің дивизион командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары капитан Аман Оразхан Мұратұлы, 97616 әскери бөлімінің ІІІ сыныпты сержанты Рысбеков Дулат Рысбекович, ауған соғысының ардагерлері Құсайынов Марат Жамбылұлы, Архабаев Айдын Қыдырманұлы, Какибаев Тілеуғазы Маукеевич, аудандық білім бөлімінің әдіскері Қыржыбев Сакен Аймухаметұлы, 54835 әскери бөлімінің сержанты ІІ сыныпты екі дүркін халықаралық жарыс жеңімпазы Сандыбеков Орынбек Жанатбекұлы, Аягөз горнизоны баспасөз қызметі Нәсіпбеков Қуандық Нәдірбекович, Аягөз жаңалықтары аудандық газетінің жауапты хатшысы Қажымұқанова Арайлым қатысып, тілектерін білдірді.
2016-2017 оқу жылында Аягөз ауданы бойынша «Жас сарбаз» сыныбы арнайы ашылған еді. Міне бүгінде жетінші мәрте өткізіліп отырған шараның негізгі мақсаты - балалардың бойында өз елінің тағдырына, туған өлкесіне деген жауапкершілік сезімін артырып, ата-бабаларымызыдың рухы мен дәстүрінде Отанды қорғауға дайындықты қалыптыстыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Әрі қарай, әскери жетекшілері прапорщик Мердемғалиев Жанат Заманғалиұлы 9 «А» сыныбының автоматпен қоян-қолтық жаттығуларынан көрініс көрсетілді.
Биылғы оқу жылында жас сарбаз атанып отырған, 5 «А» сыныбының 18 оқушысы ант қабылдап, арнайы куәліктеріне ие болды. Куәліктерін кештің құрметті қонақтары табыс етті.
«Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін №6 мектебі» КММ-нің оқушылары дайындаған яғни, жекпе -жектен қоян -қолтық жаттығуларынан көрініс, жалаумен машина қозғалысын басқару, саптық жаттығу және қарумен саптық жаттығу, кешенді әскери спорттық жаттығулар осындай әскери концерттік бағдарламалармен жалғасын тапты.
Кеш соңында Мейірханова Балымның орындауында «Мен Қазақтың ұлымын» атты патриоттық әнмен аяқталып, естелікке фотосуреттер түсірілді.
Барша оқушыларды «Жас сарбаздар» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтай отырып, егеменді еліміздің еңселі азаматтары боларларыңызға тілектеспіз!