
2022 жылдың 18 қазан күні «Қалалық қазақ мектеп лицейі»КММ-ң спортзалында жасөспірімдер арасында Қазақстан Республика күніне орай, ұлағатты ұстаз, спорт ардагері С.Жумағулов атындағы және «Қалалық қазақ мектеп лицейі»КММ-ң 30 жылдығына арналған кермеде тартылудан аудандық жарыс өткізілді.
Ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің әдіскері С. Қыржыбаев, , ұлағатты ұстаз, спорт ардагері С.Жумағулов және мектеп директоры Н.Жарова қатысушыларға ақ тілектерін жеткізіп,сәттілік тіледі. Бас төреші Б.Ешенғазинов жарыстың өту тәртібімен таныстырып өтті. Жарыс иесі туралы деректерге келетін болсақ:
Жумагулов Сейфулла Сулейменович 15.06.1949 жылы Аягөз қаласында дүниеге келген. Орта білімді теміржол бойындағы №2 мектепте алды. 1972 – 1975 жылдары Ермак қаласындағы дене шынықтыру техникумында білім алды. Еңбек жолын Аягөз қаласындағы №5 орта мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде бастады. Бұл мектепте 1975-1986 жыл аралығында дәріс берсе, 1985-1987 жылдар аралығында аудандық спорт мектебінде завуч қызыметін атқарды, бұдан кейін еңбек жолын № 57 орта мектебінде жалғастырды.
Ал 1992 жылы мектеп – лицей ашылғанда, сол кездегі директор Н.Н.Мұхамедиевтің шақыртуымен оқушыларды салауаттылық пен дене тәрбиесін жетілдіру мақсатында заманауи білім ордасына ауысты. Түрлі сайыстар мен спорттық шаралар, турнирлер мен марафондар ұйымдастыруды өзінің ұстаздық парызы санады. 1977 жылы ең алғаш Аягөз ауданында бірінші рет спорттық туризм жарысын өткізді.
С.С.Жумағуловтың жалпы педагогикалық өтілі 39 жылды құрайды. Қазіргі таңда еңбегінің зейнетін көріп жатқан әке жолын ұлы Нұрлан және немересі Оразов Ержан жалғастырды.
Ойымызды жарыспен жалғастырсақ:
Жарыс ережесі бойынша әр команда сапында 3 қатысушыдан кермеде тартылды.Төрешілер жеңімпаздарды үш оқушының көрсеткен көрсеткіштерін біріктіріп,санап, анықтады.
Ауданымыздың 13 орта мектептерінің командалары бақтарын сынап,жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Жақсы көрсеткішпен І орынды «Көпбейінді қазақ мектеп гимназиясы»КММ-ң командасы,ІІ орынды алаң иелері- «Қалалық қазақ мектеп лицей»КММ-ң командасы,ІІІ орынды «№ 7 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ-ң командасы иеленді. Жекелей есепте І орынды № 7 орта мектебінің оқушысы Әділет Айнажаров, ІІ орынды мектеп-гимназияның оқушысы Ерасыл Айтмұхамет, ІІІ орынды мектеп- гимназияның оқушысы Санжар Маратов иеленді. Құттықтаймыз!!!
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер жарыс иелерінің кубоктарымен,медальдарымен,мақтау қағаздарымен марапатталады.