РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТАТУЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТАТУЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ

18-қазан Рухани келісім күніне орай өскелең ұрпақтың бойына рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал ету мақсатында Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласындағы филиалында «Рухани келісім-татулықтың кепілі» атты танымдық дәріс ұйымдастырылды. Дәріске қалалық №4 және №1 мектептің 5-8 сынып оқушылары мен жетекшілері қатысты. Дәріс барысында Мамырсу ауылы «Қазығұл ата» мешітінің имамы Масғұд Татығанбайұлы инте­гра­ция, бейбітшілікті қорғау, халық­тар арасындағы достық, келісім, серік­тестік қағидаларын  жоғары бағалап, қазақтың дана ақыны Абайдың рухани құндылықтар жайлы идеяларын ортаға салып, қоғамдағы рухани келі­сімнің бағасы қымбат екенін атап өтті.

Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласындағы филиалы