«Қазақстан Респуликасы күні»,«Қалалық қазақ мектеп лицейі»КММ-ң 30 жылдығына және 2007 жылғы лицей түлектері Бабашев Ерік Серікұлы мен Тұрысбекқызы Назымды еске алуға арналған 5-11 класс қыздары арасындағы волейболдан аудандық турнирі

«Қазақстан  Респуликасы күні»,«Қалалық қазақ  мектеп  лицейі»КММ-ң 30 жылдығына және 2007 жылғы лицей  түлектері Бабашев Ерік  Серікұлы мен Тұрысбекқызы  Назымды еске  алуға  арналған  5-11 класс қыздары  арасындағы  волейболдан  аудандық  турнирі

2022 жылдың  13-14 қазан аралығында аудандық  білім  бөлімінің  қолдауымен, «Қалалық  қазақ  мектеп  лицейі» КММ-ң әкімшілігі,ұжымы «Қазақстан  Респуликасы күні»,«Қалалық қазақ  мектеп  лицейі»КММ-ң 30 жылдығына және 2007 жылғы лицей  түлектері Бабашев Ерік  Серікұлы мен Тұрысбекқызы  Назымды еске  алуға  арналған 5-11 класс қыздары  арасындағы  волейболдан аудандық  турнир өткізілді.

     Ашылу  салтанатында Аягөз  ауданы  бойынша  білім  бөлімінің әдіскері  С.Қыржыбаев,мектептің оқу  ісінің  меңгерушісі Ә.Анкебаева, Ерік пен Назымның ата-аналары,туыстары, достары қатысушыларды ҚР күні мерекесімен, лицейдің 30 жылдық мерей  тойымен құттықтап, салауатты  өмір  салтын насихаттаудағы еңбектеріне алғысын  білдіріп,осындай игі істердің  болашақ  ұрпағымызға  берері  көп  екенін  айтып, қатысушыларға  сәттілік  тіледі. Мектеп оқушылары  көрермендерді  әсем  әндерімен баурап  алды.

Жарыс лицейде  және  № 10 гимназия спортзалдарында өткізілді.Жарысқа  18 команда қатысты.  Жиыны 180 оқушы қамтылды.

Төрешілер отырысында жарыстың  бас  төрешісі  А.Макалов қатысушыларға жарыстың  өту  тәртібімен таныстырып,  командаларға  сәттілік  тіледі.Жарыс  жоғарғы  дәрежеде өткізілді. Қыздар жақсы  ойын- өрнегін  көрсете  білді.

Қыздар  арасында  І  орынды № 1 орта  мектебінің, ІІ  орынды № 7 орта  мектебінің, ІІІ  орынды жарыс  иелері -мектеп – лицей командасы  иеленді.              Жарыстың үздік  ойыншылары және жүлдегерлер  мен  мен  жеңімпаздар командалар 2007 жылдың түлектерінің арнайы кубоктарымен,медальдарымен,  мектептің   мақтау  қағаздарымен,бағалы  сыйлықтарымен   марапатталды.