
Аудандық мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт пен білім бөлімдерінің ұйымдастыруларымен «№ 7жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-ң әкімшілігі мен дене шынықтыру пәні бірлестігі күздің тамаша күнін пайдалана отырып, оқушылар арасындағы аудандық дәстүрлі «Алтын күз» атты кросс жарысын өткізді.Жарыс орындары жақсы дайындалып,жарыс жоғарғы дәрежеде өткізілді.
Бағдарлама келсек:
5- 7 класс оқушылары - ұлдар- 500 м, қыздар - 500 м жүгіру
8 – 9 класс оқушылары - ұлдар – 1000 м, қыздар 1000 м жүгіру
10 – 11 класс оқушылары - ұлдар – 2000 м, қыздар – 1000 м жүгіру
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің медальдарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.