
2022 жылдың 6-7 қазан аралығында Абай облысының Аягөз аудандық білім және ғылым беру қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен орталық стадионда «Мұғалімдер күні» мерекесіне арналған білім қызметкерлері арасында шағын футбол жарысы өткізілді.
Жарыстың бас төрешісі Е. Игисинов,хатшысы Е.Ерғаазинов командалар жетекшілерімен төрешілер отырысын өткізіп, жарыстың өту барысымен таныстырды. Жарысқа 10 команда қатысты.
Олар: № 1 орта мектебі,№ 3 орта мектебі, № 4 орта мектебі, № 6 орта мектебі, № 7 орта мектебі,К. Бозтаев атындағы орта мектебі,мектеп – гимназия, С. Ғаббасов атындағы орта мектебі,Шынқожа батыр атындағы орта мектебі,политехникалық колледжі.
Командалар 3топқа,жеребе арқылы бөлінді. Ойындар тартысты өтті.Командалар барларын салуға тырысты.Дегенмен, нағыз мықтылар ақтық ойындарға шығып, өз-ара жүлдегерлерді анықтады.
Тартысты ойындар нәтижесінде,Іорынды № 4 орта мектебінің командасы,ІІ орынды Шынқожа батыр атындағы орта мектебі командадасы, ІІІ орынды № 1 орта мектебінің командасы иеленді.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер және үздік ойыншылар аудандық білім және ғылым беру қызметкерлері кәсіподақ комитетінің кубоктарымен,бағалы сыйлықтарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.