
2022 жылдың 6-7 қазан аралығында 8 -9 класс оқушылары арасында Ұлағатты ұстаз, спорт ардагері, «Ы. Алтынсарин атындағы орденнің иегері А. Алатаев атындағы дәстүрлі баскетбол жарысы «№ 3 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ – де 5–ші мәрте өткізілді. Жарысты мектептің әкімшілігі, ұжымы бірлесіп өткізді.
Ашылу салтанатында аудандық білім және ғылым беру қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы С.Ещанова,аудандық мәслихаттың хатшысы Қ.Досиханов,қала әкімінің орныбасары А.Қайырбаев, аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Қыржыбаев,мектеп директоры Қ.Қамытбаев, Амангелді Константиновичтың жұбайы Назира апай, қатысушыларға сәттілік тілеп,қонақтарға жылы лебіздерін білдірді.
Аудан әкімі С.Ысқақовтың Назира Турсынханқызына берген «Аягөздің алтын анасы» төсбелгісін аудандық мәслихаттың хатшысы Қ.Досиханов табыстады. Арнайы келген туыстары,ардагер ұстаздар,замандастар,оқушылары,әріптестер де жылы лебіздерін білдірді. Мектеп оқушылары бимен, әсем әндермен қонақтарға, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Төреші Д. Жақиянов жарыстың өту тәртібімен, ережемен, жеребені ашық түрде өткізіп, таныстырды.
Жалпы, жарысқа ауданымыздың 17 орта мектептерінің командалары қатысты.
Қала мектептерінен №1,Д. Бабатайұлы атындағы орта мектеп, № 3, № 4, № 5, № 6,№7, К. Бозтаев атындағы мектеп-гимназия,мектеп- лицей, мектеп – гимназия, № 10 гимназия,ауылдық окургтерден Ақши, Сарыарқа, Шынқожа батыр атындағы,С.Ғаббасов атындағы орта мектеп,Ж.Жабаев атындағы орта мектеп,С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің командалары қатысты.Жарыс жоғарғы дәрежеде өтті.
Командалар жеребе арқылы 4 топқа бөлінді. Мықтылар алғашқы ойыннан соң көзге түсе бастады.№ 3 орта мектеп,К.Бозтаев атындағы гимназия,№ 5 орта мектеп,№ 6 орта мектебінің командалары ақтық ойындарға шығып,өз ара жеңімпазды анықтады.
Шиеліністі ойындар қорытындысы бойынша І орынды № 3 орта мектебінің командасы,ІІ орынды № 5 орта мектебінің командасы, ІІІ орынды № 6 орта мектебінің командасы иеленді.Жақсы ойын көрсеткен К.Бозтаев атындағы орта мектебінің ойыншылары жүлделі орындарға бір табан жетпей,ІVорын иеленді.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер,әр ойын шебінде үздік ойын көрсеткен ойыншылар аудандық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен және отбасының демеушілігімен алынған арнайы ауыспалы кубокпен, мақтау қағаздармен,медальдармен,бағалы сыйлықтармен, марапатталды. Төрешілер де жарыс иелерінің марапатына ие болды.