
2022 жылдың 5 қазан күні аудандық білім бөлімі,10810 әскери бөлімі, Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімдері бірлесіп, № 4 орта мектебінде Талғат Бигельдиновтың 100 жылдығына арналған 10 класс оқушылары арасындағы дәстүрлі әскери – спорттық жарыс өткізді. ҚР әскер қатарына жарамды азаматтарды тәрбиелеп, оқушылардың күш –қуат дайындығына көңіл бөлетін аталмыш жарыстың оқушыларға берері көп. Жарысты 10810 әскери бөлімінің сержанттары,№ 4 орта мектебінің АӘД жетекшісі Б.Орынбаев дене шынықтыру пәні бірлестігі,ұжымы бірлесіп атқарды.
Ашылу салтанатында Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Н. Азимбаев, № 4 орта мектебінің директоры Қ.Тастанбеков, қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі басшысының м.а майор Е.Оралбаев қатысушыларды құттықтап,командаларға сәттілік тіледі. Мектептің жас әртістері жоғарғы дәрежеде патриоттық өлең орындап,әсем би билеп қатысушыларға жігер берді.
Бағдарламасына келсек:
6.Газтұмылдырық кию;
Оқушылар нағыз әскери өмірге бейім екендіктерін көрсете білді.Осындай жарыс дәстүрлі болып,оқушыларымыз әскери тәртіптің не екенін біле бастады.Болашақта оларға артқан сенімдерімізді ақтайтындықтарын айқын білдірді, патриоттық сезімдерді оянды деп айтуға толық негіз бар.
Шиеліністі жарыста І орынды № 1 орта мектебінің командасы, ІІ орынды Горный орта мектебінің,ІІІ орынды № 6 орта мектебінің командалары иеленді.
Жалпыесептік көрсеткіштер бойында жүлдегерлер мен жеңімпаздар және әр жарыс түрлерінің жүлдегерлері мен жеңімпаздары Аягөз гарнизонының бастығы подполковник Д.Суттибаевтың және Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі басшысының м.а майор Е.Оралбаевтың мақтау қағаздарымен марапатталды.