
Өз заманында елдіктің, ерліктің жаршысы болған ақын, жырау, Аягөз өңірінің тумасы Дулат Бабатайұлының туғанына 220 жыл. Ақынның мерейтойына орай Дулат мұрасын жас ұрпаққа таныту және насихаттау мақсатында Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласындағы филиалында «Дулаттың асыл мұрасы» атты тақырыптық дәріс өткізілді. Дәріске қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушылары мен жетекшілері қатысты. Дәріс барысында оқушылар Дулат Бабатайұлының ойы бар оқырманның санасын сілкіп, намысын оятар оттылығымен, толғанысының кемелдігімен, тебіренісінің тереңдігімен ерекшеленетін шығармашылығымен танысып, ақынның өмір жолын баяндайтын бейнеролик тамашалады. Дәріс «Ұлылар мекені – Аягөз» экспозициялық бөліміндегі экскурсиямен жалғасын тапты.
Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің
Аягөз қаласындағы филиалы