
Мұхтар Әуезов ұлт әдебиетінің алтын ғасырының бастауында тұр. Биыл ұлттық болмысымызды жаңа қырынан ашқан кемеңгер жазушының туғанына 125 жыл толып отыр. Осынау мерейлі датаға орай Аягөз қаласының тарихи өлкетану музейінде «Қазақ әдебиетінің тарланы» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді. Дәріске №1 жалпы білім беретін орта мектептің 1-ші сынып оқушылары, сынып жетекшісі және ата-аналар қатысты. Келушілердің назарына Мұхтар Омарханұлының өмір жолы мен шығармашылығы жайлы презентация ұсынылды. Қонақтар «Көксерек» әңгімесінің желісімен түсірілген мультфильмді қызыға тамашалады. Танымдық дәрістен кейін оқушыларға музей бөлімдеріне экскурсия жүргізілді.
Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің
Аягөз қаласындағы филиалы