Оқушылардың дұрыс тамақтануы

Оқушылардың дұрыс тамақтануы

Бала денсаулығының негізінің мықты болуы оның тамақтануына байланысты, балалық шақта қаланған денсаулықтың іргесі адамның бүкіл кейінгі өмірінің сапасына әсер етеді. Дұрыс тамақтанудың алғашқы ұстанымдарының бірі - тамақтану тәртібін сақтау. Тамақтану тәртібі – тәулік бойы тамақ тұтынудың уақыты мен мөлшері. Тамақты ұдайы белгіленген бір уақытта ішу қажет. Тамақты үнемі белгілі бір уақытта ішу асқазан-ішек жолдары жұмысының ырғағын белгілі бір сағатта өз қызметін толығымен орындауға дайын болуын қалыптастырады. Бұл толыққұнды және жайлы ас қорытылуын және тағамның сіңуін қамтамасыз етеді. Оқушының таңғы асы жеткілікті тойымды болуы қажет және ірімшік, жұмыртқа тағамдары немесе ботқа ұсынылады. Тамақ ішу аралықтары 2,5-3 сағатты құрауы тиіс. Алуан түрлі болса, пайдалы болады.
Күнделікті баланың рационында 5 негізгі топтың өнімдері болуы қажет:
- жармалар, нан (қоңыр ұннан болғаны дұрыс) және кейде – макарон өнімдері;
- көкөністер, жеміс-жидектер, балғын күйінде күніне кемінде 400 г тұтыну қажет;
- ет, құс еті, балық, бұршақ тұқымдастар, жұмыртқа, жаңғақтар;
- сүт және ашытылған сүт өнімдері;
- майлар: өсімдік майының 1 ас қасығы (суық сығымдау арқылы алынған, өңделмеген), сары май (30 г-нан аспайды).
        Ас қабылдауды шикі көкеністер мен жемістерден бастау керек. Оларды тұтас немесе салат түрінде жеуге болады. Аш қарынға желінген жеміс – көкөністер ас қорыту бездерінің, ас қорыту жолдарының жұмысын жақсартады, ішектің микрофлорасын қалыптандыруға ықпал етеді. Әсіресе, осы тұрғыда алма, қырыққабаттың барлық түрлері, сәбіз, қияр,қызанақ,тәтті бұрыш пайдалы. Ашыған қырыққабатты да қолдануға болады. Ас қабылдаудан кейін жемістерді де жеуге тыйым салынады. Тамақтанған кезде суық және ыстық тамақты араластырып жеуге де болмайды. Ас қабылдаған соң жұмысқа дереу кіріспеңіз. Жатып демалуға және ұйықтауға да болмайды. Осы ережелерді сақтап отырсаңыз, өзіңіздің денсаулығыңыздың жағдайыңыздың жақсарғанын сезесіз.

Аягөз аудандық тауарлар мен көретілетің қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігің бақылау басқармасы Ұйымдастырушылық құқықтық жұмысы  және мониторинг бөлімі Е.Кайрамбаев