
Үржар ауданаралық әділет басқармасы Аягөз қаласының жеке нотариустарының қатысуымен «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуден бас тартулар мен тоқтатулардың алдын алу туралы» атты тақырыбында оқу-семинар өтті
2020 жылдың 13 қаңтарында Үржар ауданаралық әділет басқармасының басшысы Салтанат Селиханова Аягөз қаласының жеке нотариустарының қатысуымен «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуден бас тартулар мен тоқтатулардың алдын алу туралы» тақырыбында оқу-семинар өткізді.
Семинар барысында басқарманың басшысы жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды тіркеу бойынша, сонымен қатар бас тартулар мен тоқтатуларды азайту мәселелері, оларды болдырмау шараларын талқылады, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуде туындайтын сұрақтар бойынша мәліметтер ұсынып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар басқарманың басшысы Салтанат Селиханова Бүкіләлемдік экономикалық форумның Жаһандық бәсекегеқабілетті индексінің Қазақстандағы «Меншік құқығы» индикаторын түсіндіру бойынша нотариустардың құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтып кетті.
Іс-шара қорытындысы бойынша басқарманың басшысы келген жаңа 2020 жыл мерекесімен құттықтап, ақ-тілегін білдірді.
Үржар ауданаралық әділет басқармасы