
2022 жылғы 17 шілдеде Аягөз ауданының Байқошқар ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Аягөз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, Аягөз ауданының Байқошқар ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Байқошқар сайлау округі бойынша
Байқошқар ауылдық округі әкімінің сайлауы
Байқошқар сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 192 сайлаушлар енгізілді, оның ішінде 192 дауыс берді.
Байқошқар ауылдық округінің әкімі болып Бақтияр Бақытұлы Жағыпаров сайланды, 1973 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Абай облысы, Байқошқар ауылының тұрғыны, «АMANAT» саяси партиясынан ұсынылған.
Аягөз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2022 жылғы 18 шілдедегі шешімімен Аягөз аудандық Байқошқар ауылдық округі әкімі болып сайланған – Бақтияр Бақытұлы Жағыпаров тіркелді.
Аягөз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы