Аудандық ақсақалдар алқасының кезекті отырысы өтті

Аудандық ақсақалдар алқасының кезекті отырысы өтті

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық ақсақалдар алқасының кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында ақсақалдар алқасының төрағасы А.Жұмағазин 2022 жылдың жарты жылдығында атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, алдағы жоспарланған шаралар туралы баяндады.

Ақсақалдар алқасының мүшелері өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.

Жиын соңында аудан әкімі С.Ысқақов ауданымыздың «Құрметті азаматы» Птәт Ахметжанұлын 85 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.